Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен әйел адамның мәйіті табылды

Қаракөз Амантай 01 қаз. 2025 16:00

Қарағанды облысында полицияның тірек пункттерінің бірінен әйел адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар оқиға орнында ес-түссіз күйде табылған полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.

"Полиция департаменті барлық іс-әрекеттер мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.Азаматтардан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұрайды", – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар