Қарағандыда төтенше жағдай енгізілді

Сағыныш Сардарова 16 қаз. 2025 10:57

Қарағандыда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, техноген сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Қалада Федоров су қоймасы аумағында орналасқан №10 кәріз коллекторының бір бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. "Қарағанды Су" ЖШС мәліметінше, №145 пен №169 құдықтарының арасындағы 3,2 шақырым құбыр ауыстырылады.

"Жұмыстарды тезірек бастау үшін қалада техноген сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Бұл шешім апаттың салдарынан емес, оның алдын алу үшін қабылданған. Арнайы режим арқылы материалдарды жедел сатып алып, құрылыс жұмыстарын ұзақ келісімдерсіз бастауға мүмкіндік туады", - деді жауаптылар.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар