Қарағандыда қызбен кездескісі келген жігіт күтпеген жайтқа тап болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өңір полициясының мәліметінше, жігіт алаяқтардың тұзағына түскен.
"19 жастағы жігіт танысу сайтындағы қызбен кездеспек болып, ақшасынан айырылды. Полиция тез арада іске кірісіп, күдіктілерді ұстады. Олар 20 және 22 жастағы тұрғындар болып шықты", - деді Қарағанды облысы ПД өкілі.
"Интернетте танысқанда абай болыңыз, бейтаныс адамдармен кездескенде сақ болыңыз!" деп ескертті ІІМ өкілдері.
