Қарағандыда ауданды мерекелік безендіру үшін 985 млн теңге негізсіз жұмсалмақ болған

Қарағандыда ауданды мерекелік безендіру үшін 985 млн теңге негізсіз жұмсалмақ болған
Бас прокуратура
Қарағанды прокуратурасы 900 миллион теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды.
Қарағанды прокуратурасы 900 миллион теңгеден аса сомаға конкурстың күшін жойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңге болатын конкурстың күшін жойды. Бұл - ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың ақысы.
"Оған бір жылдан аса мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болды. Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурсты 1 қаржы жылына жариялау талаптарына бекітілді.