Freedom Inside '26

Қарағанды облысында пойыз шұғыл тоқтап, салдарынан жолаушылар зардап шекті

Қарағанды облысында пойыз шұғыл тоқтап, салдарынан жолаушылар зардап шекті
stan.kz коллажы

Қарағанды облысында пойыз шұғыл тоқтап, салдарынан жолаушылар зардап шекті,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға 24 тамызда сағат 21:38-де Қызылжар-Түйемойнақ аралығында (Жарық - Жезқазған учаскесі) болған. №107 Жезқазған-Астана жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда жүк вагонын байқап, тежегішті шұғыл басқан.

"Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар жеңіл жарақат алды. Пойыз 23:14-те сапарын жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Мән-жайды анықтау үшін басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына жеткен.