Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған автобус аударылды

Сағыныш Сардарова 12 қаң. 2026 10:13

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласының маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті. Оқиға Шахтинскіден шығар тұста болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес автобус боран мен көктайғақ кезінде жол шетіне аударылған. Автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ведомство өкілдері жүргізушілерді қолайсыз ауа райы кезінде барынша сақ болуға шақырды.

"Боран, қатты жел мен көктайғақ жол қозғалысына үлкен қауіп төндіреді. Жылдамдықты сақтап, арақашықтықты ұстанып, қауіпті бұрылыстан аулақ болыңыздар", – деп ескертті полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove