Қарағанды облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті

Қарағанды облысында 13 жастағы бала жоғалып кетті
Polisia.kz

ІІМ 13 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Жеке мәліметтері:

Жасы – 13-те. Бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі орташа. 7-сынып оқушысы.

Киімі:

Қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім киген.

Қазіргі уақытта полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды.

Тәртіп сақшылары кез келген ақпарат маңызды екенін ескертіп, азаматтарды бейжай қалмауға шақырады.