Қарабаев әдейі бұзылған жолдарды қалпына келтіруге қанша миллиард жұмсалатынын айтты

Қаракөз Амантай 29 мам. 2024 11:29 2683

Қазақстанның су басқан өңірлерінде тасқын суды өткізу үшін әдейі бұзылған жол учаскелерін жөндеу үшін үкімет жалпы сомасы 28,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті.

“Су тасқыны кезінде су өтсін деп жақсы жолдар әдейі бұзылған болатын, соны қалпына келтіру үшін қанша қаражат кетті”, - деп сұрады   Azattyq Ruhy журналисі министрден.

“Бұзылған жолдар бойынша мына мәлімет бар, жалпы ұзындығы 33 шақырым 11 участок бар. Яғни, олардың әрқайсысы емес, сол 11 участокты қоссақ, 33 шақырым ұзындық шығады. Республикалық маңызға ие осы жолдарды қалпына келтіру үшін 8,5 млрд теңге бөлінді. Жергілікті жолдар бойынша 275 усчасток бар, оларға  20 млрд теңге қажет”, - деді Қарабаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар