Қар, жаңбыр жауады: 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қаракөз Амантай 05 қар. 2025 08:01

«Қазгидромет» РМК 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -15°C, күндіз −8°C шамасында.

Алматыда жаңбырдың соңы қарға ұласып, тұман мен көктайғақ күтіледі, күн суытады.

Шымкентте түнде қар жауып, тұман түседі, күндіз +5°C дейін жылынады.

Ақтауда жауын-шашынсыз, күндіз +12°C жылы.

Ақтөбе мен Қызылордада жауын-шашын болмайды, күн ашық.

Атырауда ауа райы жылырақ - күндіз +9°C.

Қарағанды мен Көкшетауда қар жауып, аяз сақталады.

Қостанай мен Петропавлда боран мен көктайғақ күтіледі.

Тараз бен Қонаевта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Түркістанда күн ашық, тұман түседі.

Өскемен мен Семейде қар жауады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар