Қар, жаңбыр және көктайғақ: бүгін еліміздің үш өңірінде ауа райы құбылады

Қаракөз Амантай 16 жел. 2025 09:30

Сейсенбі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астанада күн бұлтты болады, қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –9…–11, күндіз де –9…–11 градус болады.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2–7 м/с. Түнде ауа температурасы –4…–6, күндіз +1…+3 градусқа дейін жылынады.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болып, кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Түнде ауа температурасы –2…–4, күндіз +3…+5 градус болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар