Күн бұзылуына байланысты бірнеше өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
3 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.
"Сол себепті жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
