Қапшағайда көлік мұз астына түсіп кеткен

Қапшағайда көлік мұз астына түсіп кеткен
ТЖМ

Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кеткен. Көлік ішінде екі әйел болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз шығуды ұйымдастырып, мұз үстінде жұмыс істеу үшін арнайы жабдықтарды қолданған.

"Екі әйел жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек сол жерде көрсетілді", - делінген хабарламада.