Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оперативтік-іздестіру шаралары Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында жүргізілді.
Арнайы қызмет өкілдері барлығы 62 қару-жарақты анықтады. Оның ішінде үш Калашников автоматы, 16 тапанша, 43 мылтық, төрт граната және төрт мыңнан астам оқ-дәрі бар.
Мамандар қаруды сараптап, 10 қарудың 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталғанын мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.