Қандастардың көшіп келуіне қатысты саясат түбегейлі өзгереді

Dalanews 01 қыр. 2022 06:09 831

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бүгінгі Жолдауында шетелдегі қандастарды көшіру, миграцияға қатысты түбегейлі өзгерістер керек екенін айтты.

– Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек.

Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды.

Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.


Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады, – деді Президент.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар