32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) алдағы уақытта мексикалық Сауль Альвареспен кездесуге дайын екенін айтты, деп жазады Vesti.kz.
«Менің Қазақстандағы жанкүйерлерім бұл жекпе-жекті көруге асығып отыр. Менің командам да бұл кездесуді ұйымдастырғысы келеді. Мүмкіндік болатын болса, Сауль Альвареспен кездесуге дайынмын», - деп келтірді отандасымыздың сөзін Boxingscene.com порталы.
Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз келесі кездесуін 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиске қарсы өткізеді.
Дереккөз: baq.kz