Жекпе-жекті «Жерсу» корпорациясы ұйымдастырып, демеушілік жасайды. Әзірге Қанаттың кіммен қолғап түйістіретіні белгісіз, дегенмен Алматыда өтетін доданың Қанат үшін орыны бөлек болары сөзсіз. 29 қазан күні өтеді деп жоспарланып отырған сайыста Қанат Исламның жанкүйерлері үшін ерекше сәт болмақ. Қазақ намысын ту еткен дарабозға тек жеңіс тілейміз!
Дереккөз: "Жас қазақ" газеті