Қанат қана емес, қазақ тілі де жеңіске жетті

Dalanews 01 қар. 2016 05:56 865

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстың кәнігі шебері  Қанат Ислам  22-ші  жеңісін өз елінде, Тәуелсіздік бесігі Алматыда тойлады!  WBA Fedelatin белбеуінің иегері, «ҚАЗАҚ» деген лақап аты бар Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы, «Улы жебе» атанған Патрик Аллотейді  айқын басымдылықпен ұтып, жеңіске жетті.

Қанаттың жеңісімен бірге, Қазақ тілі де жеңіске жетті!  Қанат Исламның жекпе-жегі  тек қазақ тілі мен ағылшын тілінде керемет өтті! 13 мың адам  жиналған «Алматы-Арена»  сарайында бір де бір адам  «Мен қазақша түсінбедім,  маған Ресей тілінде түсіндіріп беріңдер»-деп шағым жасаған жоқ!  13 мың адам, ішінде әкімі де,  ақыны да бар,   саясаткері де, қайраткері де бар, кәсіпкері де, әншісі де, малшысы да  бар, барлығы бір ауыздан » ҚАНАТ – ҚАЗАҚ»-деп айқайға басып, ұрандағанда,  зәулім сарай шайқалып тұрды!

Билік пен Білім министрінің  «Үш тілділік болмаса, күніміз қараң болады, өмір сүре алмаймыз» деген жасанды «қағидасының» быт-шыты шықты!   Елге екі тіл ғана – Мемлекеттік тіл мен  ағылшын тілі ғана керек екен!  Ешкім Ресей тілін іздеген жоқ!  Ешкім «менің тілдік ақпарат алу құқым шектелді»-деп, прокуратураға шағымданған жоқ!

Бұл  тек қазақ тілі мен ағылшын тілінде өткен үлкен шараның  біріншісі ғана  емес…   2011 жылы 30 қаңтарда   Қысқы Азиаданың ашылуын  Астанада  сол кездегі елорда әкімі, ұлттық рухы жоғары қайраткер Иманғалиimangalitasmagambetov1-kopiyaТасмағамбетов  бір орыс тілінсіз қазақша, ағылшынша керемет етіп өткізген еді.  («ҚАЗАҚИЯНЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН АЗИАДА. Тасмағамбетов Қазақстанды қазақ тіліне бір-ақ күнде көшіріп жіберді.»  http://www.qazaquni.kz/2011/02/11/5505.html )   «Әп-әдемі ән еді, пұшық шірікін бүлдірді» дегендей, тек Азиаданың Алматыдағы  жабылуында  Ахметжан Есімов бастаған қала басшылары екі тілде, тіпті үш тілде өткіземіз деп, былықтырған болатын…

Бұл жолы  осы ірі спорт додасының басы-қасында жүрген,  жекпе-жектің басынан аяғына дейін елмен бірге болып,  Қанатты зор жеңісімен құттықтап, қазақша  ғана  жақсы сөз сөйлеген Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке ел разы болды. «Жас келсе  іске» деген осы шығар.  Сайыпқыран спортшылар мен  осы зор аламан сайысқа демеуші болған, ұлт жанашыры Бауыржан Оспановқа да ел разылығы шексіз болды.  Яғни, қос Бауыржан жарады!  Аттарына лайық  іс көрсетті!

Қанат Исламның өзі де тек қазақ тілінде, қосымша ағылшын тілінде сөйледі. Иә, осы қазақша-ағылшынша  екі тілден артық не керегі бар? Министр Сағадиев  «Дүние жүзі тарихы» пәнін мектептерде орыс тілінде оқыту үшін, зорлап тықпалап, елдің Конституциялық  құқын таптамасын! Ресей тілінсіз күнін көре алмайтындай, керек болып бара жатса, өз отбасы мен айналасына  оқыта берсін…  Бізге, Қазақ еліне – Қазақ тілі, Тәуелсіз мемлекетке – Мемлекеттік тіл керек!

Бұны баса айтып жатқан себебіміз, дарынды жас актер Бақыт Тұшайдың  «ОРЫС ТІЛІНСІЗ әлемге ҚАНАТ ЖАЙДЫҚ!»
http://www.qazaquni.kz/2016/10/30/59986.html  ) атты мақаласын  «Қазақ үні» сайтында  жарты тәулікте 10 мыңға жуық адам оқып,   Фейсбук әлеуметтік  желісінде  мыңдаған адам қолдап, жүздеген адам пікір жазды, 300-ге жуық адам көшіріп жариялады.  Осыдан-ақ, елдің   екі тілді ғана қалап отырғанын анық көруге болады.  Ресей тілін іздеген бір адам, бір пікір шыққан жоқ…  Мақалада айтылғандай, «Бізге орыс тілі қажетсіз бола бастағанын халық өзі көрсетіп берді!..» Тек 100 пайыз қазақша өтуі тиіс ұлттық арнамыз «Қазақстанның»  қосамжарланып, Ресей тілінде қабаттаса қайталауы мен «Қазспорт»арнасының қазақша білмейтін қазақ тілшілерінің қазақ боксшыларға орысша сұрақ қойғандарын жұрт қатты сынап жатыр…

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекелі жылы Тәуелсіздік бесігі – Алматыдағы Қанаттың жеңісі  Қазақтың рухын көтеріп кетті! Енді  «елдің ұлттық рухын көтеріп кетеді» деп айтысқа шектеу қойған сияқты,  Ақордада отырып, Кремльге қарап сыйынатын шенеуніктер бокстың да қазақ тілінде өтуіне шектеу қойып  жүрмесе деңіз…

Қанаттың жеңісі – Қазақтың жеңісі – Қазақ тілінің жеңісі баянды болғай!

Қазыбек ИСА


qazaquni.kz


kanat-islam-6

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар