Қажылық-2026: ҚМДБ дайындықты бастап кетті

Көркем Алдабергенова 09 сәу. 2026 18:03

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы қажылыққа дайындықты бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Биылғы маусымда конкурстық негізде қажыларды тасымалдау жұмыстары Қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуекомпанияларымен жүзеге асады.

Ұшу рейстері еліміздің ірі мегаполистері – Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған.

Биылғы қажылық сапары 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove