Путин, қазаққа тиіспе, қарғысына қаласың...

Dalanews 06 ақп. 2017 10:03 767

Ресейдің «Униан» ақпараттық агенттігі «Ресей Мемлекеттік Думасы Қазақстаннан жер даулау мәселесін ашық талқылап жатыр» деп хабарлаған болатын.

Толығырақ нұсқасы мынау:

«В Госдуме РФ открыто обсуждают территориальные претензии к Казахстану. Депутат Государственной думы от ЛДПР (төрағасы В.Жириновский) Павел Шперов на заседании парламентского «круглого стола» по проблемам российских соотечественников открыто пообещал вернуть в состав Российской Федерации «исконно российские земли Казахстана», – деп жазған аталған агенттік.

Қамшы порталында көршіміздің осы әрекетіне наразылық танытып, пікірін ортаға салған Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының мақаласы жарық көріпті. Автор құн талап еткен екен.

«Осы уақытқа дейін патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің саясатынан құрбан болған ата-бабамның құнын талап етуге құқылымын» дейді автор.   

Орыстар осындай…


«Ресей шовинистері қазақ даласына көз алартқанын ешқашан тоқтатқан емес. Орыс патшалығы Қазақ жерін жаулап алғалы бері қазақ халқының өз ата мекендерін қорғау жолында басқыншыларға қарсы ұлт азаттық соғысы 300 жыл бойы бір сәтке де толастаған жоқ. Осы жолда сан миллиондаған ата-бабаларымыздың қаны төгілді. Тәуелсіз ел болғанымызға да міне ширек ғасыр толыпты.

Алайда олар әлі де сол шовинистік пиғылдарынан бас тартпай келеді.  Оралдағы казактар салған лаңды, Өскемендегі Пугачевтардың іс-әрекетін, Кеңес одағының бірінші және соңғы президенті, соңғы бас хатшы М.Горбачевтің Қазақстанның бес облысы Ресейдікі деп көз алартқанын, осыны малданған Бүкілодақтық казактар ұйымы дейтіндердің Оралда, Көкшетауда, Ермакта (Ақсу), Павлодарда, Өскеменде, Алматыда тағы басқа да қалаларымызда неше түрлі арандату жиындарын өткізгенін еске алсақ, Ресейдің шынында да ұйықтай алмай жүргендеріне сенбеске ылажымыз жоқ».

«Путин неге үндемейсің?»


«Жоғарыдағы көрсетілгендерден және Ресей Мемлекеттік Думасының Қазақстаннан жер даулау мәселесін ашық талқылауынан бүгінгі Путиндік Ресей билігінің пиғылын айқын аңғарамыз. Жалпы әлемдік тәжірибе де, агрессияның басы осындай ақпараттық соғыстармен басталады. Әйтпесе, Ресей Президенті үшін Шперовтың аузын жауып, қараңғы қамаққа тоғыту түкке де тұрмайды».

«Қазаққа тиіспе, қарғысына қаласың!


«Қазақтың атамекенін жаулап, өздерінің Ата жұртына (Қазық жұртқа, Қазғұртқа, яғни бүкіл жер бетін топан су қаптаған кездегі Нұқ пайғамбар кемесінің тоқтаған жеріне) қиянат жасаған Патшалық Ресей мен Кеңес үкіметінің (КСРО) жағдайы баршамызға белгілі. Патшалық Ресей миллиондаған жазықсыз жандардың басын «жалмауыздай жалмап» барып, өз қанына өзі тұншықты.

Ал Кеңес (Ленин) үкіметінің бар ғұмыры жетпіс жылға да жетпей «аяғы аспаннан» келіп, желкесі қиылды. Осы қырғындарды ұйымдастырғандардың барлығы дерлік, Адам сияқты (артына ұрпақ пен жақсы аттарын қалдыру) өмірдің қызығын көре алмай, азапты өмір кешті, азаппен өлді.

Қазақ жерін жаулаймын деп 200 жыл бойы қазаққа тыныштық бермей жанталасқандардың тағы бірі Жоңғар болатын. Сол Жоңғардан бұл күнде «Жоңғар жоталары» деген атпен жалғыз жота мен осы аттас жалғыз кітап қалды. Өзгенің жеріне, әсіресе Ата жұртқа көз алартқандардың шығатын «шыңы» осы. Мұндай жағдай, яғни Ата жұртқа қиянат жасау бұрында да сан рет болған. Бәрінің де арты осылай аяқталды. Әлі де солай аяқталады. Бұған ешкімнің күмәні болмасын».

«Ата-бабамның алынбаған құны бар!»


Автор өзі атап айтқан дүниелердің негізінде көршімізге 6 талап қойыпты. Соның 4-і өзекті екен.

БІРІНШІДЕН: Сіздер Ресейді 1994 жылғы Қазақстан ядролық қарудан бас тартса, жеріңе қол сұқпаймын деп, салтанатты түрде берген антын бұзуға ашықтан-ашық үндеп, Ресей президенті В.Путинді бүкіл әлем алдында берген антын орындамайтын екіжүзді етіп көрсетуге барынша талпынып жүргендеріңізді естеріңізге саламын.
ЕКІНШІДЕН: Мен мынау Солженицын, Жириновский, Дугин, Широкоградов, Лимонов, Шперовтар сияқты Сіздердің елдеріңізге еш жамандық тілемеймін. Өзге елдің ары мен намысына тиісіп, жерін даулап, жамандық тілеу, тамыры таяз елдің «ессіз ұландарының» іс-әрекеті болмақ.

ҮШІНШІДЕН: Кезінде Патшалық, соңғы Кеңестік Мәскеудің зорлығынан ондаған елдер тәуелсіздігінен айырылып, сол тәуелсіздік үшін күресте сан миллиондаған адамдардың қырғынға ұшырағаны бүкіл әлемге әйгілі. Арты жақсылықпен бітпейтін мұндай дауды қоздыра беру, келешек те осы елдердің бәрі бүгінгі Ресейден Ата-бабаларының құнын сұрауға апаратынын біле жүргендеріңіз абзал.

ТӨРТІНШІДЕН, Қазақтың ежелгі Атамекеніндегі менің аталарымның сүйектерінің үстіне зорлықпен салынған қалаларды менікі деп даулағандарың сендердің сол жаулаушы-жауыздардың ұрпағымын (правопреемник) деп мойындағандарыңыз.

Демек, біз Сіздерден сол бірнеше миллиондаған ата-бабаларымыздың құнын талап етуге құқылымыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар