«Путин қатты қателеседі!». Байден Украинаға тікұшақтан бастап, зымыранның неше түрін жіберетінін айтты

Dalanews 01 мау. 2022 04:34 1003

Америка президенті Джо Байден окупанттармен кескілескен ұрыс жүргізіп жатқан Украина әскеріне замануи әскери техникалар мен жетілдірілген зымырандар, оқ-дәрі беретінін ашып айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

New York Times басылымының жазуынша, жаңа қарулар майдан алаңында украин сарбаздарының маңызды нысандар жоюға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Джо Байден АҚШ Укрианаға заманауи қару түрлерін жеткізуді тоқтатпайтынын алға тартты. Алдағы уақытта Америкадан Украинаға танке қарсы қолданатын Javelin, зенитті Stinger зымыраны, артиллериялық және жоғары дәлдікке ие зымырандар кешені, өздігінен ұшатын әскери құралдар, радарлар, Ми-17 тікұшағы мен көптеген оқ-дәрілерді үздіксіз жеткізілмек.

Осылайша Ақ үй қожайыны алдағы уақытта тәуелсіз, демократиялық құндылықтарды ту еткен Украинаның өсіп-өркендейтіне сенім білдірді. Бұл ретте агрессорлармен жан аямай күресіп жатқан Укриана халқына АҚШ барынша қолау көрсетуін жалғасытара бермек.


Сонымен қатар Джо Байден Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздер тығырыққа тірелгенін де алға тартты. Сол себепті Кремль соғысты одан ары үдетіп, Украинаның біраз жерін басып алуға күш салып жатқанын айтты. Мұндай жағдайда АҚШ Украинаның қорғыс қабілетін арттыруға барынша қолдау көрсететін болады.

Джо Байденнің пайымдауынша, Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдері Украианаға мұншалықты қолдау көрсетеді деп ойламаған. «Егер Путин алдағы айларда Украинаның жақтастары өз позициясын өзгертеді деп ойласа, ол қатты қателеседі!» деп АҚШ президенті Путинге ескерту жасады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар