Прокурорлар Перизат Қайратқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгінгі жарыссөз барысында айыптау тарапы айыпталушы Перизат Қайратқа мүлкін тәркілей отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Оның анасы Ғайни Алашбаева үшін прокурорлар 8 жыл бас бостандығынан айыруды ұсынды.
"Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, сондай-ақ 10 жыл мерзімге қайырымдылық үшін қаражат жинаумен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындауды сұраймыз", – деді прокурор.