Президент Ясауи кесенесіндегі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады

Dalanews 17 мау. 2023 05:25 298

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өтетін Ұлттық құрылтайдың екінші басқосуына қатысу үшін келді. Президент жұмыс сапарының басында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, зиярат етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар