Freedom Inside '26

Президент Тоқаев Самарқандқа барды

Президент Тоқаев Самарқандқа барды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына барды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Самарқандта Қазақстан Президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.