Freedom Inside '26

Президент Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасайды

Президент Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасайды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды", - делінген хабарламада.