Президент адам капиталының сапасын арттыру маңыздылығын айтты

Dalanews 19 нау. 2026 21:09

Алматы қаласында ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесу барысында мемлекет басшысы адам капиталының сапасын арттыру маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz


Біз адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін, - деді президент Тоқаев.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove