Мемлекет басшысы экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, экологиялық мәдениетті арттыру, "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.