Петропавлда 16 жастағы мектеп оқушысынан жазғы демалыс кезінде туберкулездің ашық түрі анықталды. Осыған байланысты білім ордасындағы барлық оқушы мен педагог медициналық тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Данияр Оспанов мәлімдеді.
"Инфекцияның таралу қаупінің алдын алу мақсатында науқас оқушы білім алатын мектепте эпидемиологиялық тексеру басталған. Қазір оқу орнындағы оқушылар мен мұғалімдер толық медициналық тексерістен өткізіліп, олардың денсаулық жағдайы бақылауға алынған", - деді ол.
Қазіргі уақытта санитариялық қызмет жағдайды бақылауда ұстап отыр.