Перизат Қайрат ісі бойынша тәркіленген қымбат көліктің қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Informburo сауалына жауап берген Қаржылық мониторинг агенттігі тәркіленген Lexus LX 600 автокөлігі мекеме балансында жоқ екенін мәлімдеді.
Аталған қара түсті жол талғамайтын көлік 2025 жылдың қараша айында сатылымға шығарылған. Мемлекеттік нөмірі 100PKO01 болған автокөлік Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның ағасының атына тіркелген. Көлік 79 121 985 теңгеге бағаланған.
“Алайда бұған дейін, биыл сәуір айында Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бұл көлік 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қаржылық мониторинг агенттігінің балансына берілгенін хабарлаған еді”, - дейді дереккөз.
Бірақ агенттік бұл ақпаратты жоққа шығарған.
“Қазіргі уақытта аталған автокөлік агенттіктің балансында жоқ”, – делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, 7 сәуір күні тәркіленген Mercedes-Benz S450 және Haval H6 GT көліктерін сату бойынша да аукцион өткен. Сауда қорытындысы бойынша бұл лоттардың жеңімпазы Астана қаласының Полиция департаменті атанды.
