"Педагогикалық идеялар панорамасы" байқауы ел бойынша жүруде

Dalanews 17 мам. 2022 05:31 1009

"Өрлеу" ұйымының педагогтарға арналған "Педагогикалық идеялар панорамасы" бейне-сабақтар және бейне-дәрістер конкурсын өткізуі игі дәстүрге айналды.

Байқаудың мақсаты Заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау және насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Конкурс шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үлкен ынтамен жоспарлар жасайды және бейне-сабақтар, бейне-дәрістер түсіреді. Ағымдағы жылдың 11-мамырында МПЕиГД кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. к., доцент, тренер Арзиева Алия Тохтамысовна конкурсқа қатысушылармен онлайн-кездесу өткізді. Ол қатысушыларға бейнесабақтарды әзірлеу, инновациялық және заманауи білім беру технологияларын, оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдерін қолдану бойынша кеңес берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар