Павлодардағы алюминий зауытында өндірістік оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, №3 пештің кептіру алаңында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жартылай бөлшектенген материал үйіндісі опырылып құлаған.
Сол сәтте оқиға орнында диірмен машинисі мен күйдіру цехының агломератшысы болған.
Оқиға салдарынан диірмен машинисі оң аяғынан ауыр жарақат алып, сүйегі сынған. Ол ауруханаға жеткізілді.
Ал екінші жұмысшының оң аяғындағы жұмсақ тіндер зақымданған. Дәрігерлер оған амбулаториялық бақылау тағайындаған.