Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған бір жарым жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 30 шілде күні сағат 19:23-те Торайғыров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған.
Оқиға туралы хабар түскеннен кейін жедел жәрдем бригадасы бірінші санат бойынша шақыртуға шығып, оқиға орнына екі минут ішінде жеткен.
Алайда медицина қызметкерлері оқиға орнына келгенде бір жарым жастағы баланың қайтыс болғанын анықтады.