Павлодар облысының жер қатынастары бөлімі басшысы парамен ұсталды

Dalanews 20 шіл. 2016 09:48 602

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаменті «Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаменті  «Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы М. Абылайхановты ауыл шаруашылығын жүргізуге қажетті жер учаскесін алуға көмектескені үшін 250 000 теңге көлемінде пара алу кезінде  ұстады.

Қазір сотқа дейін тексеру жүріп жатыр, деп мәлім етті Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар