Павлодар облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

Көркем Алдабергенова 14 ақп. 2025 12:48 1187

Павлодар облысында колония басшысының орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Күдікті ретінде танылған колония басшысының орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірқатар мекеме қызметкерлері мен өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жауапкершілікке тартылды. Мекеме басшысы қызметінен босатылды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар