Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам мерт болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиға салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапқан.
"Алдын ала деректер бойынша 23 қыркүйекте Павлодар–Қызылорда тасжолында, Байет ауылынан 5 шақырым жерде Toyota Lucida көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota көлігі өртенді", - деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді.