Freedom Inside '26

Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді

Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді
freepik

Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 11 наурызда таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым, ал фермадан 2 шақырым жерде Баянауыл ауданы ТЖБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде 1980 жылы туған ер адам өлі табылған.

Ол 10 наурызда сағат 14:00 шамасында мал қарауға шыққан. ТЖД ақпаратына сүйенсек, ер адам - шаруа қожалығының қызметкері.