Павлодар облысында балабақшаға барған бірнеше бүлдіршін ауруханаға түсті

Қаракөз Амантай 15 қар. 2025 11:00

Павлодар облысында бірнеше балабақша тәрбиеленушісі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Щербактин ауданындағы "Балдәурен" ясли-балабақшасының үш тәрбиеленушісі Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Тағы төрт бала дәрігерлердің бақылауымен үйде қалдырылды. Аталған жағдай бойынша Щербактин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс бастады", – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.

Санитар мамандар қажет сынамалар алып, зертханалық талдаулар жүргізген.

Ведомство тексеріс аяқталған соң ресми ақпаратты жариялайтынын хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар