Пара алған, пара берген, жалған іссапар шығынын рәсімдеген: Шымкентте шенеунік сотталды

Сағыныш Сардарова 30 мам. 2024 17:26 2708

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" РММ бастығы Р.Сайлаубекұлы, "Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің" РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар, бас бухгалтері Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұлға қатысты сотталды.



Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ, жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар