Өзбекстанда 54 МАИ бекеті мен блокпостар жойылды
22 желтоқсанда ел президенті Шавкат Мирзияев парламентте сөйлеген сөзінде облыстар арасындағы МАИ бекеттері тұрғындардың және туристердің еркін қозғалуына кедергі келтіреді деп сынға алған болатын.
Кейін ішкі істер министр Пулат Бабажанов БАҚ-қа берген сұхбатында облыстар арасында 133 бекет барын, олардың 60-сы МАИ бекеті және 73-і стационарлық бақылау бекеті екенін айтқан.