Өскеменде қалың түтіннен оқушылар мектепке бара алмай қалды
Сағыныш Сардарова
matriks-pres
Өскеменде қалың түтіннен оқушылар мектепке бара алмай қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қалада бірнеше күннен бері түтін сақталып тұр. Осыған байланысты Өскемен мектептерінің оқушылары қайтадан қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы қаланың Білім басқармасы мәлімдеді.
"2-дәрежелі қолайсыз метеожағдай сақталуына байланысты 2 ақпанда Өскемен қаласының мектептерінде 0-11-сыныптар қашықтан оқытуға көшіріледі", - деп жазылған Білім басқармасының хабарламасында.