Өскеменде прокурор мас күйде жол апатын жасағаны туралы ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 03 қаз. 2025 12:40

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Вилори Пан Борисович мас күйде жол апатын жасағаны жайлы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

egov.press мәліметі бойынша прокурор көлік жүргізіп келе жатып, жарық шамының бағанына соғылған. Желіде кейін ол полицейлерден қашпақ болғаны айтылып жатыр.

Сонымен қатар, сараптама оның мас болғанын көрсеткені туралы да жазылған.

Алайда құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты ресми пікір білдірмеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар