ОСК өзге елдімекенде қалай дауыс беруге болатындығы туралы түсіндірді

ОСК өзге елдімекенде қалай дауыс беруге болатындығы туралы түсіндірді
pixabay.com

Сайлау күні басқа елдімекенде болатынсайлаушылар дауыс беру үшін дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігінала алады. Бұл туралы Орталық сайлаукомиссиясының бүгінгі отырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумов еске салды. 

Дауыс беру құқығына арналған есептеншығару куәліктерін дауыс беру күніне 15 күнқалған уақыттан бастап дауыс беру күнініңалдындағы күнгі сағат 18:00-ге дейін алуғаболады. Мұндай куәлікті учаскелік сайлаукомиссиясы сайлаушының жазбаша өтінішіжәне жеке басын куәландыратын құжатынкөрсетуі негізінде береді. Бұл реттесайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

«Азаматтар тұрғылықты жері бойыншатіркелген учаскелік сайлау комиссиясынан7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін дауыс беру құқығына арналғанесептен шығару куәліктерін алуға құқылы. Бұл ретте бір елдімекен шегіндегі басқасайлау учаскесінде дауыс бергісі келетінсайлаушыларға мұндай куәлікберілмейтінін атап өткен жөн. Жоғалғанесептен шығару куәліктері қалпынакелтірілмейді және олардың телнұсқаларыберілмейді», - деді Азамат Айманакумов.

Сонымен қатар, есептен шығару куәліктерінсенімхат арқылы да алуға болады. Сенімхаттынотариалды куәландыру талап етілмейді.