Осы аптада Алматының қай аудандары жарықсыз қалады?

Сағыныш Сардарова 02 нау. 2026 15:34

Алматыда 2-6 наурыз аралығында бірқатар ауданда жарық өшіріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2-6 наурыз күндері Алматыда электр желілеріне жоспарлы жөндеу жасалады. Бұл туралы Алатау Жарық компаниясы хабарлады. Мамандар сымдарды бөгде заттардан тазартып, қажет тұстарын ауыстырады. Жарық 1,5–2 сағатқа өшіріледі.

2 наурыз: Мақатаев, Наурызбай батыр, Сейфуллин көшелері; Жамбыл, Мәуленов, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Төле би көшелері; Таусамалы, Қалқаман-2, Өжет, Көкқайнар, Горный Гигант шағынаудандары және өзге де бірқатар учаске.

3 наурыз: Қарасай батыр - Нұрлы жол қиылысы; Мыңбаев, Клочков, Абай аумағы; Ақжар, Тастыбұлақ, Таусамалы, Қалқаман-2; Боралдай кенті; Нұркент, Мамыр-4, Өжет шағынаудандары және бірнеше көше.

4 наурыз: Шевченко, Розыбакиев, Жамбыл, Абай, Абылай хан аумағы; Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2; Сүйінбай, Сейфуллин даңғылдары; Өжет, Каменское плато, Мамыр-3, Нұркент, Алатау шағынаудандары және өзге көшелер.

5 наурыз: Жамбыл, Байзақов, Манас, Құрманғазы аумағы; Құрамыс, Қарағайлы, Ақжар, Қалқаман-2; Көк-Төбе кенті; Нұркент, Көкқайнар шағынаудандары және бірқатар көше.

6 наурыз: Құлымбетов, Аносов, Қарасай батыр аумағы; Тастыбұлақ, Шұғыла, Қалқаман-2; Жас Қанат, Бақай, Жұлдыз, Орбита-4, Алатау шағынаудандары және бірнеше көше.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove