Өрттен қаза тапқан балалардың отбасына Ертіс ауданында пәтер берілді

Самал Асқар 16 қаң. 2026 12:26

Ертіс ауданында өрт салдарынан екі баласынан айырылған отбасыға үш бөлмелі жайлы пәтер берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, отбасына қажетті жиһаз, киім-кешек пен тұрмыстық заттар сатып алынып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Белгілі болғандай, балалардың бірі өте ауыр жағдайда Павлодар облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір бала осы аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Қайғылы оқиға кезінде анасы жұмыста болған. Ол «Ақтоғай Агро» серіктестігінде еңбек етеді. Балалардың әкесімен 2023 жылдан бері ажырасқан.

Еске салайық, Ертіс ауданының Иртышск ауылындағы жеке үйде шыққан өрт кезінде бір отбасының төрт баласы зардап шекті. Екі кішкентай бала оқиға салдарынан көз жұмды. Үшеуін өрт сөндірушілер, бірін полиция қызметкері құтқарып, жедел жәрдемге тапсырған еді. Кейін екі інісі ауруханада қайтыс болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove