Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2025 16:56 687

ҚМДБ Ораза айт намазының кестесін жариялады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша кестесін ұсынды.

ҚМДБ мәліметінше, әр өңірде намаз уақыты әртүрлі. Дегенмен Алматыда айт намазы 07:00-де, Астанада 07:00-де, Шымкентте де 07:00-де оқылады.

Айта кетейік, Әбу Ханифа мәзһабында ораза айт намазы – әрбір мұсылманға уәжіп.

Уәжіп болуының басты себебі – Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден өткенше айт намаздарын тастамаған әрі жұртқа бұл күні намазға шығуын бұйырған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар