ОҚО-да биыл 18 көпір пайдалануға беріледі

Dalanews 01 там. 2017 07:45 797

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. Атапа йтқанда, бүгінгіт аңда13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпі рорташа жөндеу жұмыстарынан өтуде.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жөндеуді қажет ететін көпірлерді жою мақсатында осы жылы 26 көпірге, яғни, 11 өткелге күрделі жөндеу, 15 көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Жыл қорытындысымен аталған 26 жобаға тиісті сараптама қорытындысы алынуы күтілуде. Осыған сәйкес, 26 жобаға құрылысты жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралған жағдайда, аталған нысандарға келесі 2018 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілетін болады.

Айта кету қажет, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жалпы 409 дана көпір бар. Аталған нысандардың 290 данасы қанағаттанарлық жағдайда болса, қалған 119 данасы жөндеуді қажет ететін көпірлер болып табылады

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар