– Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология» АҚ Арыс және Отар әскери бөлімдерінде әскери құрылғыларды сатуда, сынықтар мен металл сатуда 1,7 миллиард теңге ұрланғаны туралы дерек анықталды, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық тергеу департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Қамитов.
– «Қазтехнологияға» қатысты қылмыстық істің кезеңі ұзақ – 2013 жылдан бері. Алайда біз тергеуді енді бастағандықтан ақпаратты жариялауға болмайды, – деді Болат Қамитов.
«Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді жою және патрон шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы.