Оңтүстікте күн суытады

Сағыныш Сардарова 01 қаз. 2025 09:04

Қазгидромет 1, 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады.

"1 қазанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) болжанады. Сондай-ақ, 1 қазанда күндіз ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеп, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді", - деп жазылған хабарламада.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар