Оның ішінде биылғы жылы ауыз су саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға берілсе, 56 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі. Нәтижесінде осы жылы аймақтағы 13 елді мекен, яғни 19,6 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылса, 2 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады.
Сонымен қатар, 35 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Нәтижесінде, 2020 жылға қарай қала тұрғындарының 97 пайызы, ауылдық елді мекендердің 83 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстағы қалалардың 93,4 пайызы, ал ауылдық елді мекендердің 73,6 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
https://dalanews.kz/34318