Олжас Бектенов: Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды азайту қажет

Cағыныш Сардарова 26 ақп. 2025 11:23 382

ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл Министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», - деді Премьер-министр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар