“Олар адам емес”: Депутат педофилдерге хирургиялық кастрация енгізуді ұсынды

Қаракөз Амантай 06 ақп. 2024 10:20 1464

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев парламент депутаттары педофилдерге жаза ретінде хирургиялық кастрация енгізуді ұсынғанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың айтуынша, ұсыныс бұрын да айтылғанымен, үкімет тарапынан қолдау таппаған.

“Педофилдер үшін жаза күшейтіледі. Олар өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Алайда біраз уақыттан кейін бостандыққа шықпайтынына кепілдік жоқ. Өйткені олар жаңа заңдар қабылдай алады. Біз олардың құқықтарына қол сұғамыз-мыс,  педофилдер де адамдар. Менің ойымша, олар адам емес", - деді Бейсенбаев.

ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха бұл ұсынысты қолдауға дайын екенін айтты.

Бұған дейін әйелдер мен балаларды қорғау туралы заңға жазаны күшейтетін өзгерістер енгізілгені хабарланған болатын. Осы тұста мәжілісмендер педофилдер үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар